«Lesson Study» бойынша 7 «Ә» сыныбында қазақ тілінен ашық сабақ Тақырыбы : Қабысу Қазақ тілі ж/е әдебиет мұғалімі Сауранбаева Г.Б » СШ № 35 им Кунаковой
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№35 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Lesson Study» бойынша 7 «Ә» сыныбында қазақ тілінен ашық сабақ Тақырыбы : Қабысу Қазақ тілі ж/е әдебиет мұғалімі Сауранбаева Г.Б
14
декабрь
2017

«Lesson Study» бойынша 7 «Ә» сыныбында қазақ тілінен ашық сабақ Тақырыбы : Қабысу Қазақ тілі ж/е әдебиет мұғалімі Сауранбаева Г.Б

№ 35 Рза Қунақова атындағы орта мектебі

 

 

 

«Lesson Study» бойынша 7 «Ә» сыныбында қазақ тілінен ашық сабақ

Тақырыбы : Қабысу

Қазақ тілі ж/е әдебиет мұғалімі Сауранбаева Г.Б

 

Ноғайбай ауылы 2017 жыл

Сабақ жоспары

Тақырыбы

Қабысу

Мақсаты

Қабысудың орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысатын сөз тіркесі болатынын

меңгереді.Қабыса байланысқан сөздердің арасына сөз енбейтіндігін және олардың орын

тәртібін бұзуға да, өзгертіп алмастыруға болмайтынын ұғынады.

Күтілетін нәтиже

Қабыса байланысқан сөз тіркесін сөйлем ішінен таба біледі. Басыңқы, бағыныңқы сыңарын

талдай алады.Басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болатынына қарай есімді, етістікті

қабысу болатынын салыстыра түсінеді. Балалар бір-бірімен топтасып жұмыс істей отырып

өздерін реттей алады.Топта қажетті іс-қимылға шешім қабылдап, өз пікірлерін білдіре алады.

Сабақтың барысы

Кезең/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе бөлім

Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру

«Сигналды карталар» әдісі

Жаңа тақырыпты ашу

Сөзжұмбақ

Миға шабуыл

Жаңа тақырып

Негізгі бөлім

«Пазл» әдісі

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

«Лабиринт» әдісі

1.Психологиялық жағымды жағдай

« Түрлі – түсті жапырақ »

М/ты: оқушылардың көңіл -күйін көтереді , топқа бөледі.

 

1. «Мен әуежайға келдім» сөздер шылау арқылы байланысып тұр _______

2. Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз _______

3. Сөздер сөйлемде тек септік жалғаулар арқылы ғана байланысады

4. Қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөздер бір – бірімен бес түрлі тәсіл арқылы байланысады _______

5. Атау мен іліктен басқа септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байлнысқан сөз тіркесін қиыса байланысқан сөз тіркесі дейміз .

6. Заттанған сөз ілік септік жалғауында , екінші сөз тәулелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матасу дейміз

7. «Ақын өлеңдері » матаса байланысқан сөз тіркесі

8. Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрін қиысу дейміз.

Оқушыларға сөз жұмбақ жасырамын

1. Бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан үйлесе байланысуы .

2. Қандай ? қанша ? деген сұраққа жауап беретін тұрлаусыз мүше.

3. Кімге ? неге ? қандай септік сұрағы

4. Лексикалық мағынасы жоқ көмекші сөздерді не деп атаймыз

5. Заттың қимылы мен ісінің мезгілін , мекенін , жай – күйін білдіретін сөз табы .

6. – ның , -нің , - лар , - лер дегеніміз

 

 

Мұғалім :

- Бүгінгі сабақта сендер алдыларыңа қандай мақсат қоясыңдар ?

Қабысу деген ..... (тек 1,2-ші бағандарды толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Оқулықпен жұмыс

Оушыларға жаңа тақырыпқа сай кітаптағы ережені оқытамын . Барлық оқушы оқығаннын қадағалаймын.

 

Дарынды және талантты балалармен жұмыс

Lesson Study-ді жоспарлау. Кейс-стади жүргізу үшін оқу үлгірім деңгейі әр түрлі анықталған 3 оқушыға арнайы тапсырма беру.

«Көктем» тобына: 242-ж/ғу. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардан қабыса байланысқан сөз тіркесін жасау.

«Жаз» тобына:

Төмендегі мақал- мәтелдерді толықтырып сөздердің байланысу түрлерін табыңдар

Еменнің иілгені.....,ердің екі сөйлегені- өлгені.

Туған жерге .... жетпес, туған ...... ел жетпес.

Туған ...... күні де ыстық , ..... де ыстық.

Бірлігі күшті ел озады,бірлігі жоқ ел тозады

 

«Қыс» тобына:243-ж/ғу. Әңгімеге ат қою.Есімді қабысуды бір бөлек, етістікті қабысуды бір бөлек көшіру.

 

«Күз» тобына: берілген қабысу тіркестерден сөйлем немесе мәтін құрау

Күн нұры , таза ауа , самал жел , көк аспан , таңғажайып табиғат

 

 

 

 

Топтық жұмыс

1, 2, 3 , 4- топқа сөз тіркестері беремін , сол тіркестерді бөліп жапсыруларын сұраймын

Қиыса б/н: Берік оқиды, сіздер келесіздер, мен жазамын, Айман келеді.

Матаса б/н: Баланың жақсысы, адамның еңбегі, ата сөзі , жылқының қасиеті

Меңгере б/н : Айбыныңды ашпайды , қаладан келді, жұмыскерлерді құттықтады, ініммен ойнады

Қабыса б/н : Оқиға орны, дауыстап сөйледі , бұл кітап , ата сөзі

Жеке жұмыс

 

 

Берілген тіркестердің ішінен тек қабысу тіркесін дұрыс белгілету

 

Қызыл – араласқысы келеді

Сары - белсенділік танытады

Көк – алдыға ұмтылады

Жасыл - сәттілік күтіп тұр.

Көктем, жаз,күз, қыс тобына бөлінеді.

 

Берілген тапсырма бойынша сұрақтарға «Иә» н/е «Жоқ»

деп жауап береді.

1. жоқ

2. иә

3. Жоқ

4. Ия

5. Жоқ

6. Иә

7. Иә

8. Иә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөзжұмбақты оқушылар тауып , жаңа тақарыпты ашады

 

1. Қиысу

2. Анықтауыш

3. Барыс

4. Шылау

5. Үстеу

6. Жалғау

 

 

 

Оқушылар :

- Қабыса байланысқан сөз тіркесінің жасалу жолдары

білу және сөйлемдер ішінен қабыса байланысқан тіркестерді

анықтау

 

 

 

 

Қабысудың өзіндік белгілері мыналар:
1. Қабыса байланысатын сөздер үнемі жалғаусыз байланысады.
2. Қабыса байланысатын сөздер өздерінен кейінгі сөздерге

түбір күйде төте (іргелес) жалғасып, орын тәртібі арқылы байланысады.
3. Сөйлем мүшелерінен ілік септіктен басқа тұлғада келген анықтауыштар мен сын қимыл пысықтауыштар анықталатын, пысықталатын мүшелермен қабыса байланысады.
4. Күрделі сөйлем мүшелерінің компоненттері де бір - бірімен қабыса байланыса алады.
5. Сөз таптарынан зат есім мен зат есім, сын есім мен

сын есім, сілтеу есімдігі, есімше, етістіктер мен үстеу, көсемше,

сан есім, сын есім, зат есім қабыса байланысады.

 

Ережені оқиды , жұпта , топта түсіндіреді. Кестенің үшінші

бағанын толықтырады.

 

 

Нұрайымға 241-ж/ғу бойынша «Мәлік Ғабдулинге хат»

 

 

А-үлгірімі жақсы- Ғалияға. Түскі астан кейін Кенжеғара

Қарағанды-Айбұрат жолымен балаларды серуенге алып шықты.

(синтаксистік талдау),

 

В-үлгірімі орташа-Бексұлтанға Шаяхметтің өре қамшысы

аттарға тимейді, анда-санда жоғарыда ысқырынып, сарт етіп

қалады.

(қабысуды табу) (С-үлгірімі нашар - Айданаға : әдемі...,

кірпіш..., оқыған..., тарс-тұрс..., жазылған..

 

Өздерін –өздері тексереді

 

 

 

 

 

Жататын едік , өлең жазады , сабақ әзірлейді, көбірек қуанады

/көп қуанды/, тоқ – жарау жүреміз / тоқ – жарау жүрді / . .

 

 

Мақалды оқушылар толықтырады , тіркестерді

анықтайды ,

қабысу тіркесі туралы айтып береді.

Еменнің иілгені- сынғаны, ердің екі сөйлегені- өлгені. / матасу /

Туған жерге жер жетпес, туған елге ел жетпес. /қабысу /

Туған жердің күні де ыстық , түні де ыстық/матаса/

Бірлігі күшті ел озады,бірлігі жоқ ел тозады /қабысу /

Мысалы:Еменнің иілгені,еменнің сынғаны,ердің өлгені,

ердің сөйлегені -матасу

Екі сөйлегені, туған жер-қабысу

 

Әңгімеге ат қояды, тіркестерді анықтайды

 

Есімді қабысу : ғарышқа ұшу, каналдар қазу , төсін жаңарту.

 

Етістікті қабысу: берген өнер , көк бұлт, тас бұлақ ,

кірлеген жүрек

 

Оқушылар шаған мәтін құрайды

Қаһарлы қыс кетіп , көктем келді. Таңғажайып табиғат өзгеріп ,

айнала құлпыра түсті. Көк аспан айрықша тұп – тұнық ,

бетіңнен самал жел сипағандай . Таза ауа өзінің күшін

бойыма таратып , бүгін сабаққа жақсы көңіл күймен келдім.

 

 

 

 

 

1,2,3,4 топ қиысу , матасу , меңгеру , қабысу тіркестерін

4 – ке бөліп жазады.

 

Берік оқиды

Баланың жақсысы

Айбыныңды ашпайды

Дауыстап сөйледі

Оқиға орны

Сіздер келесіздер

Адамның еңбегі

Қаладан келді

Жұмыскерлерді құттықтады

Бұл кітап

Жақсы оқиды

Ата сөзі

Мен жазамын

Айман келеді

Ініммен ойнады

Жылқының қасиеті

 

1- топ «Көктем » қиыса байланысқан тіркестерді тауып жапсырады

2- топ «Жаз» матаса байланысқан тіркестерді тауып жапсырады

3- топ «Күз» меңгере байланысқан тіркестерді тауп жапсырады

4- Топ «Қыс» қабыса байланысқан тіркестерді бөліп жапсырады

 

Сағат тілімен топтар бір – бірлерінің жұмысын тексереді.

 

 

Үй тапсырмасы

Барлық ережелерді қайталау. Қабыса байланысқан тіркестерді пайдалана отырып

«Жеңіс күні» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау

Жинаған ұпай сандарын санатады

Өз ұпай сандарын шығарып , бағалайды.

14-15 балл «5»

13 – 12 балл «4»

11-10 балл «3»

 

 

Кері байланыс

1 мин

 

Бүгін сабақ түсінікті болды және өз мақсатыма жеттім.

Бүгінгі тақырыпты түсіндім , әліде болса сұрақтарым бар

Сабақ түсінікті болмады

 

 

 

 

Кері – байланыс : Мен 7 «Ә» сыныбында сөз тіркестерінің 4 – ші түрі қабысу тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақты бастамас бұрын оқушылардың көңіл - күйлерін көтеріп , оларға 4 түрлі жапырақтарды таңдаттым. Таңдаған жапырақшаларды оқушылар тақтада ілініп тұрған ағаш суретіне жапсырды . Жапырақтың түстеріне қарай оқушыларды 4 топқа бөлдім. Үй жұмысын тексеру үшін сигналды карталарды қолдандым. Жаңа тақырыпты оқушылар сөз жұмбақ шешу арқылы тапты . Оқушылар өз алдыларына мақсат қойды. « Білемін» , «Білгім келеді » , «Білдім» кестесін оқушылар толтырды . Жаңа тақырып толығымен ашылды . А,В,С деңгейлі оқушыларға тақтада бөлек тапсырма берілді. Алдыңғы сабақтарға қарағанда С деңгейлі оқушы Оспаналы Айдана берілген тапсырманы бірден орындады. Сабақ кезеңдерінде әр - түрлі әдістерді қолдандым . Тек топтық жұмыс кезінде уақытты дұрыс пайдаланбадым . Өйткені төрт топқа төрт түрлі тапсырма берілген. І – ші топқа берілген тапсырма оқушыларға жеңіл болды. «Пазл» әдісі бойынша оқушылар топпен сәтті жұмыс істеді . Қортындылау кезінде «Лабиринт» әдісі тиімді болып , оқушылар өздерінің барлық жұмыстарын критерий бойынша бағалай отырып ұпай сандарын шығарды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынып , өз ойларын айтты . Бұл сабақта мен толығымен өз мақсатыма жетпедім, өйткені тақырып бойынша бәсеңдеген оқушылар болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Lesson Study» бойынша 7 «Ә» сыныбында қазақ тілінен ашық сабақ Тақырыбы : Қабысу Қазақ тілі ж/е әдебиет мұғалімі Сауранбаева Г.Б

 

«Lesson Study» бойынша 7 «Ә» сыныбында қазақ тілінен ашық сабақ Тақырыбы : Қабысу Қазақ тілі ж/е әдебиет мұғалімі Сауранбаева Г.Б

 

Похожие публикации:

13 декабрь 2017 Мектеп тарихы