Мектеп әкімшілігі » СШ № 35 им Кунаковой
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№35 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп әкімшілігі
15
декабрь
2017

Мектеп әкімшілігі

Мектеп басшылары туралы ақпарат:

 

 

Сатқымбаев Рахат Әйтікеұлы

 

    Мектепті осы ауылдан бітіріп, Қырғызстанның Бішкек қаласынан КГФУ дене шынықтыру және 1983 жылы Фрунзе қаласындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің  математика факультетін бітірген. Еңбек жолын ұстаздықпен ашқан, ауыл шаруашылығында қызмет атқарған. 2001 жылдан  бастап № 35 Рза Қунақова атындағы орта мектептің директор қызметін атқарып келеді.

 

 

Жақсымбетов Қасымбай

 

      Қасымбай ағай өте сауатты, саяси хабары мол, тарих пәнінің шебері болған. Мұғалімдер ұжымын ұйымдастыру, басқару, әдістемелік көмек беру шеберлігі мол мінезі тура, адамгершілігі мол адам . Бір көрген адам ұмытпайтындай еді. Айтқанын екі еткізбейтін тәжірибелі жетекші, басшы.

 

Алиев Ермахан Әбләзімұлы

 

    1975 жылы Жамбыл Педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп,осы мектепке матиматика пәні мұғалімі болып қабылданды.

 1981 жылы оқу ісінің меңгерушісі қызыметін атқарды.

1987-1998 жылдар аралығында  мектеп директоры қызыметінде болады.

 1998-2001 жылдар аралығындаматематика пәнінің мұғалімі болса, 2001 жылдан бастап осы күнге директордың оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары қызметінде.

   Балаларға білім мен тәрбие беруде еренді еңбегі үшін:

      1.10 мамыр 1982 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының «Балаларға коммунистік тәрбие берудегі белсенділігі үшін және В.И.Ленин атындағы пионер ұйымының құрылғанына 60-жыл толуына байланысты» мақтау қағазымен марапатталды.

      2. 16 қазан 1994жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласында ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Айнақожаева Күләш Мұқашқызы 

 

     Қордай ауданы, Сұлутөр ауылында орта мектепті бітірген соң, 1971 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Университетінің география факультетіне оқуға түсіп,1977жылы бітіреді.

  1977жылы тамыз айында № 5 Рғайты орта мектебіне мұғалім және тәрбие ісінің меңгерушісі ретінде жолдамамен жіберіледі.

  1998 жылдың ақпан айынан 2001 жылдың күзіне дейін осы мектептің директоры ретінде қызмет атқарды. Мектепке ұстаз ретінде, басшы ретінде өз еңбегін сіңірді.

  1992 жылы осындай еңбегін бағалап «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды. Қазіргі кезеңде осы мектепте география, биология пәедері бойынша өз еңбегін жалғастыруда.  

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

13 декабрь 2017 Мектеп әкімшілігі
13 декабрь 2017 Мектеп тарихы
13 декабрь 2017 Рза Қунақова