Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 13-12-2017, 02:02, посмотрело: 254

Рза Қунақова атындағы орта мектептің тарихы

Ырғайты өзенінің теріскей жағында «Миляев сайы» деп аталып кеткен жерде (ел солай атаушы еді) алғаш 4 жылдық мектеп 1934 жылы бар еді. Онда ауылда тұратын түрлі ұлттың балалары оқыды.сол мектептің тұңғыш директоры Бүркітбаев Ақан деген ағай еді. Қазір ол жерде тек төбе-төбе орны ғана жатыр.

Екінші мектеп орны қазіргі орталықтағы контордың шығысында орналасқан еді. 1938 жылы мектеп 7 жылдық болды. Мектеп қасында интернаты бар болған. Бұл мектепте Ақмолдаев Қазым, Ким, Новиков М.Т., Жақсымбетов Қасымбай, Қонысбаев Бүсеген деген ағайлар директор болып қызмет атқарған. Қазір бұл ағайлар дүниеден озған. Ол кісілер туралы естеліктер де аз қалған.

Кейін мектеп қазіргі мектептің орналасқан жеріне жақын салынған. Қазір ол мекемелер сақталған. Онда бастауыш сыныптың оқушылары оқиды.

1963 жылы мектеп үйі 2 қабатты 2 үйден тұрған. Онда 8 бөлмеден тұратын сынып бөлмелері, басшылар отыратын шағын бөлмелер бар еді. Балалар 2 ауысыммен оқитын. Мектептің қасында алма бағы, шағын шеберхана орналасқан еді. Және де арнайы бөлінген жер учаскесінде оқушылар мұғалімдермен бірлесе отырып көкөністер өндіріп, бау-бақшаға күтім жасаған. Мектеп маңында шағын машина-трактор шеберханасы болған. Онда оқушылар машина, трактор сияқты механизмдермен танысып, жүргізуді үйренетін.

Мектепте жоғарғы мамандық иелері, білікті ұстаздар сабақ берген. Параллель 3-4 сыныатан оқушылар оқитын.

1973 жылы жаңа мектеп бой көтеріп, 1973 жылы 21 қыркүйекте іске қосылды. Сөйтіп ұстаздар мен оқушылар жаңа, іші кең, 3 қабатты білім ордасына кірді. 1973 жылдан бастап жаңа мектеп директоры болып Садуақасов Құдайберген ағай өз қызыметін бастаған еді. Нұрмамбетова МарьяХалиловна мектеп завучы болды.петрова Нина Федоровна мектептегі пионер ұйымының жетекшісі болды.

Жаңа мектепке 1-сыныпқа оқушылар қабылданды, ұстаздар қабылданды. Ауылда үлкен балабақша салынып, балалар метепке даярлық топтан келетін еді.Мектеп құрылысының басшысы Шилина деген әйел еді. Ұлттық достығы өте жоғары еді. Мектептің ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, басшылары, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Сырлыбаев Нұрқасым ағай, совхоздың директоры Қайназаров т.б. құрметті қонақтар қатысты.

Мектепте оқу талабына сай кабинеттер жабдықталған еді. Совхозбен, техникум, балабақшамен тығыз байланыс жасап тұрды. Мектепте білікті ұзақ жыл жұмыс өтелі бар және жас мамандар жұмыс істеді. Атап айтсақ: Қаражігітов Желеубай ағай – математика пәні шебері, қазір ұлы осы мектепте АӘД пәнінің мұғалімі, Баймұханбетов Нәби ағай-математик (екі тақтаға екі қолымен бірдей жаза беруші еді деп еске алады), Қорышева Нағима-қазақ тілі маманы, Иманқұлова Майкүл-биолог(гүл өсірудің шебері), Нұрмамбетова М.Х.-математик,талай жақсы істің шебері, Әбілов Бектұрсын-сегіз қырлы, бір сырлы, білікті физик,Қадырқұлова Ақжолтай тәтей, айта берсек еске алып отырған кезде ауызға ілінетін бірнеше есімдер бар. Жылдар өткен сайын мектеп те, ұжым да жасара бастады. Садуақасов ағайдан кейін басшылыққа Тұрғымбаев Жұмаділ ағай (1977-1987ж) басшылыққа келді. Мектеп ұжымы өте ұйымшыл, бірлігі мықты, өнері мол әріптестерден құралған еді. Мектепте алғашқы драмалық үйірме құрылды, «Гәкку» бишілер тобы ұйымдастырылды. Мұғалімдер ұжымы аудандық түрлі байқауларға қатысып тұрды.Писаренко Н.Ф.-оқу ісінің меңгерушісі болған. Өз ісіне де, өнерді ұйымдастыруда да белсенді еді. Қазіргі кезде Тұрғымбаев ағай ауданда, ал Писаренко Н.Ф. Қарасуда тұрады.

1987 жылы мектепті Әлиев Е.А. ағай қабылдап алды.Осы мектепке институт қабырғасынан кейін келіп, талай жыл мұғалім болған, қазір де осы мектепте ұстаздық етеді.

1998-2002 жылдары мектеп басшылығына Айнақожаева К.М. келді.

2000 жылғы 16 ақпандағы ҚР Үкіметінің №257 қаулысының негізінде мектебімізге Рза Қунақова есімі берілді.

Мектеп өмірінде көптеген түлектер түлеп шықты. Алғашқы «Алтын алқа» иесі-Рахымжанов Марат, Алимов Мұхтар, Айдар Әсел.

Күміс алқа иерлері: Рахымжанова Айгүл, Есенғазиев Болат, Атабаева Майра, Рамазанова Динара, Молдажанова Гуля, Алимова Райхан, Атабаева Ләззат, Сұраубаева Айнұр, Пятахина Оксана, Иванова Макен т.б.

2001 жылы мектеп басшылығына Сатқымбаев Рахат Әйткеұлы келді. Біздің мектептің түлегі болған еді. Өз ісіне ұқыпты.

Қазіргі кезеңде мектебімізді бітірген түлектер еліміздің жан-жағында түрлі салаларда қызымет жасап жүр. Өзі бітірген білім ұясына келіп тұрады. Мектеп мақтаныштары десек те болады.

 

 

 

 

Рза Қунақова атындағы орта мектептің тарихы

 

Ырғайты өзенінің теріскей жағында «Миляев сайы» деп аталып кеткен жерде (ел солай атаушы еді) алғаш 4 жылдық мектеп 1934 жылы бар еді. Онда ауылда тұратын түрлі ұлттың балалары оқыды.сол мектептің тұңғыш директоры Бүркітбаев Ақан деген ағай еді. Қазір ол жерде тек төбе-төбе орны ғана жатыр.

Екінші мектеп орны қазіргі орталықтағы контордың шығысында орналасқан еді. 1938 жылы мектеп 7 жылдық болды. Мектеп қасында интернаты бар болған.

Кейін мектеп қазіргі мектептің орналасқан жеріне жақын салынған. Қазір ол мекемелер сақталған. Онда бастауыш сыныптың оқушылары оқиды.

1963 жылы мектеп үйі 2 қабатты 2 үйден тұрған. Онда 8 бөлмеден тұратын сынып бөлмелері, басшылар отыратын шағын бөлмелер бар еді. Балалар 2 ауысыммен оқитын. Мектептің қасында алма бағы, шағын шеберхана орналасқан еді. Және де арнайы бөлінген жер учаскесінде оқушылар мұғалімдермен бірлесе отырып көкөністер өндіріп, бау-бақшаға күтім жасаған. Мектеп маңында шағын машина-трактор шеберханасы болған. Онда оқушылар машина, трактор сияқты механизмдермен танысып, жүргізуді үйренетін.

Мектепте жоғарғы мамандық иелері, білікті ұстаздар сабақ берген. Параллель 3-4 сыныатан оқушылар оқитын.

1973 жылы жаңа мектеп бой көтеріп, 1973 жылы 21 қыркүйекте іске қосылды. Сөйтіп ұстаздар мен оқушылар жаңа, іші кең, 3 қабатты білім ордасына кірді.

 

 

 

Категория: Мектеп тарихы

 

Рза Қунақова

Автор: admin от 13-12-2017, 02:00, посмотрело: 396

Рза Қунақова

 

 1937 жылы 14 желтоқсанда Қордай ауданының Брік ауылында дүниеге келген. 1955 жылы мектеп бітірген соң қазіргі әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетіне түсіп, 1960 жылы бітіріп шығады. Еңбек жолын  «Социалистік Қазақстан»  газетінде бастап, «Қазақстан пионері»  мен «Мәдениет және тұрмыс»  журналында қызмет етеді.  1975 жылдан «Қазақстан әйелдері»  журналында тілші, редактор, бөлім меңгерушісі, соңғы жылдары оның бас редакторының орынбасары қызметінде болады.

Ақын Рза Қунақованың тұңғыш кітабы «Сурет» деген атпен 1963 жылы жарық көрген, одан кейін  «Жас жүректер» 1965 жылы, «Жәннат жер» 1967 жылы, «Керімсал»  1971 жылы, «Ерке елік» 1973 жыл, «Кемпірқосақ» 1977 жыл, «Келеді көктем» 1979 жыл ,  «Аққулы жаз» 1982 жылы, «Менің достарым» 1983 жылы, «Қызыл жалау» 1985 жылы сияқты өлең кітаптары жарияланған.  Рза Қунақованың  «Ол онжетіде еді» атты прозалық шығармасы 1975 жылы дүниеге келген, «Кішкентай жүректер», «Алысқа аттанған керуен» прозалық кітаптары жарық көрген.  2000 жылы «Сырымды айтам» атты бұрын жарияланбаған жырлары жеке кітап болып басылды.

Оның драматург жазушы Е.Далбаев  пен бірлесіп жазған «Күтпеген қуаныш», «Айтыс», «Шешілген түйін», «Аттанар алдында» деген бір актілі пьесалары театрлардың репертуарынан орын алды.

         Рза 1965 жылы жас ақындардың республикалық телевизиялық фестивалінің лауреаты атанды.

Рза Қунақованың әдебиеттегі және журналистикадағы еңбек үлестері лайықты бағаланып, Қазақ СССР Жоғарғы Кеңесінің және ВЛКСМ  Орталық Комитетінің Құрмет Грамоталары мен наградталған.

Почетная грамота ЦК ЛКСМ Казахстан в связи со 100-летием со дня рождения В.И.Ленина.

Почетная грамота в связи с 50-летием Всесоюзной пионерской организации им.В.И.Ленина.

         Почетная грамота в связи с 50- летием Всесоюзного Ленинского  Коммунистического Союза Молодежи.

          Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 24 наурыздағы жарлығымен «Республикаға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» деген атақ берген. 1995 жылы 30 сәуірде Алматы қаласында қайтыс болған. Қордай ауданындағы Рғайты орта мектебіне 1998 жылдың 8 сәуірінде Рза Қунақованың аты берілді. 

Категория: Мектеп тарихы